Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2019

Сайлау кезінде ұсталған нұр-сұлтандық үш белсендінің ісі қайта қаралмақ

0
Сайлау кезінде ұсталған нұр-сұлтандық үш белсендінің ісі қайта қаралмақ

Бүгін, 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "9 маусымда билікке қарсы наразылық шарасына қатысты" деп айыппұлмен жазаланған үш белсендінің шағымын жаңа мәліметтерге байланысты қайта қарап, бірінші сот шешімінің күшін жойды.

Әлия Ізбасарова, Әйгерім Мұхамеджанова мен Жанбота Әлжанова 9 маусымда кешкісін Байқоңыр аудандық полиция бөлімінде ұсталып,   "бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды" деген айыппен әрқайсы 50 500 мың теңге айыппұлмен (130 доллар) жазалаған. Үшеуінің "9 маусымда наразылық шарасына қатыспағанын" айтып қарсы түсірген шағымдары 16 шілдеде қаралғанымен, Нұр-Сұлтан апелляциялық соты арыздарын  қанағаттандырмаған еді. Судья Әсет Райымбаев бірінші соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып, істе "жаңа деректер анықталғандықтан" оларға бірінші сот инстанциясына қайта шағымдануға кеңес берген.

- Сот оларды "бейбіт митингке қатысты" деп айыптап шығарған бірінші сот қаулысын бұзып, өтінішімізді қанағаттандырды. Сот қаулысы 7 қыркүйекте күшіне енген соң жаңа деректерге байланысты қайта сот процесі басталады, - деді Азаттыққа олардың адвокаты Василий Садықов.

Адвокаттың сөзінше, Әлия Ізбасароваға қатысты сот шешімі ертең жарияланады. Оның да өтінішінің қанағаттандырылғаны бүгін белгілі болғанымен Ізбасарованың өзі сотта болмағандықтан шешімді жариялау ертеңге қалды. Белсенді Әлжанова өзінің Facebook парақшасында соттың бұл шешімін "жоғарыдан түскен тапсырма" деп санайтынын жазған. 

Полиция Әлжанова, Ізбасарова мен Мұхамеджанованы 9 маусым күні кешке "Байқоңыр" полиция бөлімінің алдынан ұстап әкеткен. Олар наразылық кезінде ұсталғандарға ас-су апарып беру үшін полиция бөлімшесіне барғандарын, бірақ ешқандай митингіге қатыспағандарын айтады. Үш қыз Нұр-Сұлтаннан 70 шақырымдағы Шортанды ауылына апарып, әкімшілік жазаға тартылған еді. 

Үш азамат белсенді ретінде биыл маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауынан кейін танымала бастады. Олар бірігіп "Қаhарман" адам құқығын қорғайтын азаматтық қозғалысының құрған. Мамыр-маусым айларында Қазақстанда билікке қарсылық күшейіп, 9 маусым кезектен тыс президент сайлауы өткен күні полиция билікке наразылық білдіріп митингке шыққан мыңдаған адамды ұстады. Халық билік жүйесін өзгертуді, әділ сайлауға жол ашуды талап еткен.

Президент сайлауында билікке қарсылық пен мыңдаған адамның сайлау әділетсіздігі жайлы наразылығына қарамастан Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаз деп танылды. Тоқаевты кандидат ретінде елді отыз жылдай басқарып, наурызда президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Халықаралық бақылаушылар сайлау кезінде заң бұзу фактілері болғанын айтып, полицияның наразылыққа шыққандарды жаппай ұстауын сынады. Жергілікті бақылаушылар да сайлау учаскелерінде бюллетеньдерді топтап тастау фактілері мен алдын ала белгіленген бюллетеньдер жайлы айтса да, сот олардың арызын қанағаттандырмады.





Губернаторы России
Москва

Собянин: На городском вокзале Зеленоград — Крюково появился еще один переход





Москва

В исторических парках покажут любимые мультфильмы от СТС Kids ко Дню защиты детей


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин анонсировал большую летнюю спортивную программу



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Игорь Бутман

Трансляцию концерта джазового оркестра Бутмана посмотрели 50 млн китайцев




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

В новой Москве соревновались нештатные формирования

ЦСКА разорвал дистанцию // Армейцы увеличили преимущество в финальной серии Единой лиги ВТБ

Сделано в СССР. Первое историческое ралли в Москве стартует 2 июня


WTA

Касаткина опустилась на 13-ю строчку в рейтинге WTA, Рахимова поднялась на 18



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Скоростной четверг: самые популярные дни для кикшеринга у москвичей



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России