Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Октябрь
2019

Алматыда бірнеше белсендінің ұсталғаны хабарланды

0
Алматыда бірнеше белсендінің ұсталғаны хабарланды

Елде тыйым салынған оппозициялық қозғалыстың митингісі қарсаңында Алматыда бірнеше белсендінің ұсталғаны хабарланды. Азаматтық белсенді Сүйіндік Алдабергенов 26 қазанда түскі сағат 11 шамасында өзін Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне апара жатқанын хабарлады. Кеше белсенді кешке үйін полиция күзетіп тұрғанын айтқан. Қазір оның телефоны өшіп тұр. Бостандық аудандық полиция бөлімшесі әзірге бөлімшеге ешкім әкелінбегенін айтты. 

26 қазанға қараған түні белсенді Құрал Сейітханұлы Facebook-тағы парақшасында Алматыда "полицияның бес белсендіні бір үйден ұстап кеткенін" жазды.

"Мені де есіктің алдында екі көлікпен күзетіп отыр. Далада күн суық. Содан көшеде тұрған әлгі жігіттерге барып үйге кіріңдер әйтпесе жаурап қаласыңдар дедім. Ұсынысымды қабыл алмады" деп жазды ол. Қазір Құрал Сейітханұлының да телефоны өшіп тұр. 

25 қазанда кешкі сағат 20.30 шамасында "ұсталғандар арасында бар" делінген белсенді Біржан Төлеубеков Азаттыққа хабарласып, "бірнеше азаматтың бір үйге жиналып, бас қосқанын", полицияның сол үйді қоршауға алғанын хабарлаған. Кейінірек белсендінің телефоны өшіп қалды. Қуғындалған белсенділер жайлы ақпарат жинаумен айналысатын Facebook-тағы #IHaveAChoiсe #ActivistsNotExtremists тобы 25 қазанда ұсталған бірнеше белсендінің бірі Ерлан Файзуллаевтың "соққыға жығылғанын" жазып, суретін де жариялады. 

Азаттық тілшісі 26 қазанда таңертең Жетісу аудандық полиция басқармасына хабарласқан кезде өзін штаб бастығы ретінде таныстырған Өмірзақ Әбдікәрімов ақпаратты кезекші бөлім бастығы Мұрат Дәуренбековтен сұрау қажеттігін айтты. Ал Мұрат Дәуренбеков телефонын көтермеді.  

26 қазанда алматылық белсенділер Сақып Жаңабаева мен Қанат Жақыпов үйлерін полиция күзетіп тұрғанын, сыртқа шыға алмай отырғанын хабарлады. 

Facebook желісінде белсенділерді торуылдау, полицияға шақырту немесе үйінен алып кету сияқты оқиғалар Жаңаөзен, Бейнеу, Нұр-Сұлтан және өзге қалалар мен аудандарда жалғасып жатқаны туралы ақпарат тарады. 25 қазанда бас прокуратура "заңсыз шеруге шыққандар" "қатаң жазаланатынын" айтып ескертті. 

Бұған дейін құқық қорғаушылар Алматы мен Нұр-Сұлтанда да митингі қарсаңында белсенділерге қысым басталғанын хабарлаған. Алматыда саяси тұтқындарды босатуды талап еткен бірнеше белсенді әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды.

Билік шетелде қуғында жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған, елде сот шешімімен "экстремистік ұйім" ретінде танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының митингілерін "заңсыз" деп атайды. Өткен жылдан бері Қазақстанда "ҚДТ-ға қатысы бар" деген күдікпен ондаған адам ұсталып, айып тағылған. Билік кейбірін жауапқа тартып, соттаған. ҚДТ туралы сот шешімінің "экстремистік ұйым" туралы жазылған тұсы бұлыңғыр әрі қайшылық бар деп санайтын заңгерлер жауапқа тартылғандар негізгсіз қудаланды дейді.





Губернаторы России
Москва

Собянин поздравил медицинских работников с профессиональным праздником





Москва

Кинопродюсер.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин. Главное за день



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Игорь Стравинский

Фестиваль «Гений места», посвященный Игорю Стравинскому, откроется в Ораниенбауме 15 июня




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Рок-версия гимна Белогорска прозвучала на масштабном рок-н-мобе

Роман Костомаров поучаствовал в боксерской тренировке в Москве

Школьник из Ставрополя пробился в финал международного турнира по шахматам


Ролан Гаррос

Российские теннисисты выступят на Олимпиаде в Париже



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Сергей Брановицкий

Создание сайта. Создание сайта с нуля. Создание веб сайта.



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России