Мас жүргізушілермен күрес: Қостанай облысында патрульдер саны артты
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап 21 мас жүргізуші ұсталды. Сол себепті облыстық Полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов патрульдер санын екі есеге арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.