Жергілікті газет қызметкері оралдық белсендіні сотқа берді
Орал әкімдігі қаржыландыратын “Пульс города” газетінің қызметкері Дана Дүйсекенова жергілікті белсенді Аслан Сагутдиновті “қорлады” деп айыптап, сотқа берді. Дүйсекенова бұған дейін жергілікті блогер Айболат Бөкеновтің де үстінен шағым жазған. Былтыр желтоқсанда осы тілшінің арызынан кейін Бөкеновті сот бес күнге қамаған. Дүйсекенова желідегі парақшасында Сагутдиновке қатысты алғашқы сот отырысы 27 ақпанда болатынын жазды. Біраз уақыттан соң Сагутдиновтің өзі алғашқы отырыс жайлы смс хабарлама алғанын айтты. Читать дальше...