Ана мен балаға төленетін жәрдемақыларға биыл қанша қаржы бөлінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда ана мен баланы қолдау саласында мемлекеттік 3 төлем және 8 жәрдемақы беріледі. Жалпы алғанда, бұл мақсаттарға 2020 жылы 682,9 млрд теңге қарастырылған. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.