Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2020

Макияжсыз әдемі көріну үшін…

0

Әйелдердің көбі макияж әдемі көрінудің жалғыз жолы деп ойлайды. Алайда сұлу көріну үшін күнде макияж жағудың қажеті жоқ. Тері демалуды қажет етеді. Макияжсыз әдемі көріну үшін күтім арқылы терінің табиғи таза қалпына  қол жеткізу керек. Ол үшін не істеуге болады? 1. Бет терісін күнде таңертең және кеше жуыңыз және тазартыңыз. Макияжсыз-ақ жақсы көріну үшін бетті […]

Сообщение Макияжсыз әдемі көріну үшін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Әйелдердің көбі макияж әдемі көрінудің жалғыз жолы деп ойлайды. Алайда сұлу көріну үшін күнде макияж жағудың қажеті жоқ. Тері демалуды қажет етеді. Макияжсыз әдемі көріну үшін күтім арқылы терінің табиғи таза қалпына  қол жеткізу керек. Ол үшін не істеуге болады?

1. Бет терісін күнде таңертең және кеше жуыңыз және тазартыңыз. Макияжсыз-ақ жақсы көріну үшін бетті күніне екі рет тазарту керек. Бұл ережені бәрі бірдей орындайды деп ойласаңыз, қателесесіз. Көпшілік бет жуатын гельмен кешке жуынады да, таңертең оны пайдаланудың қажеті жоқ деп бетін сумен шая салады. Алайда безеу сияқты тері кемшіліктерінен құтылғыңыз келсе, таңертең де бетті көбікпен жуу керек. Таңертең жуынуға жұмсақ көбік таңдаңыз. Бет терісін аптасына немесе екі аптада бір рет скрабпен тазартыңыз. Ол өлген жасушалардан арылуға көмектеседі. Әр жуынғаннан кейін тоник қолданыңыз. Ол тазарту процесін аяқтап, бетті крем жағуға дайындайды. Әрине, мұның барлығы уақытты алуы мүмкін. Бірақ ол тұрарлық іс екенін түсінесіз. Себебі сіз тері кемшіліктерін  макияжбен тек жасыра аласыз, ал тазарту процесі арқылы емдейсіз.

2. Бет терісіне арналған сапалы ылғалдандырушы құрал пайдаланыңыз. Кей әйелдер ылғалдандырушы кремдер бет терісін майлы және жылтыр ететіндіктен ұната бермейді. Бірақ тері типіне қарай дұрыс таңдалған ылғалдандырушы крем теріні майлы етпеуі керек. Тері жағдайы жақсы болуы үшін ол жақсы ылғалдандырылған болуы керек. Сондай-ақ теріні күн сәулесінен қорғау үшін міндетті түрде SPF әсері бар крем қолданыңыз. Мұндай кремді сарапшылар қыста да қолдануды ұсынады. Себебі күн сәулесі теріні қартайтады және құрғатады.

3. Дұрыс тамақтаныңыз. Кез келген диетолог өз клиентіне былай деп айтады: күнде қандай тамақ жесеңіз, ол ерте ме, кеш пе денеңіз бен теріңізге әсер етеді. Мен қанша тәтті тоқаштар жесем де салмақ қоспаймын деп ойласаңыз, ол теріңізге безеу немесе басқа да бөртпе шығаруы мүмкін екенін біліңіз. Сондықтан рационыңызға көбірек жемістер мен көкөністер және балықтар қосыңыз.

4. Су ішіңіз. Сұлулық немесе дұрыс өмір сүру салты туралы кез келген мақалада бұл кеңес жүреді. Себебі шынымен де теріні сырттай да, іштей де ылғалдандыру керек.

5. Ұйқыны қандырыңыз. Ұйқы қанбаса, тері шаршаңқы көрінеді және көздің асты ісіп немесе қарайып тұрады. Сондықтан 8 сағаттан аз ұйықтамауға тырысыңыз.

6. Ерін күтіміне мән беріңіз. Жарылған ерін әйелдің бет-әлпетін күтімсіз көрсетеді. Жарылған ерінді боясаңыз да әдемі көрінбейді. Сондықтан ерін күтіміне аса мән берген жөн. Ерінге арналған кей бальзамдардың құрамындағы химиялық қоспалар оны қайта-қайта жағу үшін ерінді құрғататын қасиетке ие. Сол үшін бальзамның орнына кокос майын қолдануға болады. Кокос майының 20 пайдалы қасиеті

7. Қасты көп жұлмаңыз. Қасыңызды жұла бермеңіз. Оны өте жіңішке етудің қажеті жоқ. Қастың астынан алшақ шығып тұрған артық түктерді алған жеткілікті. Қазір табиғи қас пішіні сәнде екенін ұмытпаңыз.

8. Кірпік жайлы ұмытпаңыз. Күнде ұйықтарда кірпікке мақта таяқшасымен кастор майын жағып жатыңыз. Алайда қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы деп оны көп жағудың қажеті жоқ. Әйтпесе, таңертең көзіңіз ісіп тұруы мүмкін. Біраз уақыттан соң кірпіктеріңіздің қалыңдай түскенін байқайсыз. Содан соң кірпік қайыратын арнайы құрал алыңыз. Сол кезде кірпікті үнемі тушьпен бояп жүрудің қажеті болмайды.

 Massaget.kz

Сообщение Макияжсыз әдемі көріну үшін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин: фонд музея "Царицыно" собрал 61 тыс. произведений искусства





Москва

Стоматолог Владимир Лосев: сколько времени нужно носить брекеты


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин: фонд музея "Царицыно" собрал 61 тыс. произведений искусства



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Виктор Цой

Песни Виктора Цоя исполнит оркестр в Хабаровске




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Больше всего работников с креативными идеями работает в ритейле и спорте

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)


Ролан Гаррос

Арина Соболенко повторила уникальное достижение Азаренко на турнирах «Большого шлема»



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Миомир Кецманович

Кецманович отказался от борьбы в игре с Медведевым на "Ролан Гаррос"



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России