Қызылордадағы мектеп құрылысының айналасындағы дау: Жоба құны талапқа сай ма
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде салынып жатқан №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің жаңа ғимаратының жоба құнына байланысты әлеуметтік желі беттерінде түрлі пікірлер айтылған болатын. Осыған орай құзырлы орындар тарапынан жүргізілген зерттеу нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.