Нью-Йоркте мейрамхана ашқан қазақ қызы: Головкин мен Димаштың жанкүйерлері бізден тамақтанады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағандылық Фарида Ғаббасова алғаш рет 2011 жылы АҚШ-қа арман қуып барып, күні бүгінге дейін сонда тұрып жатыр. Шет тілін терең меңгеру мақсатында мұхит асып барған жерлесіміз қазіргі күні АҚШ-та өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Миллиондаған адамдардың бір көру арманына айналған әлемдік мегополис Нью-Йоркте өз ісін ашқан отандасымыз ҚазАқпарат тілшісімен тілдескен болатын.