Атырау облысында айыппұлы төленбеген 50-ге жуық көлігі арнайы тұраққа қойылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында айыппұлын төлемеген 50-ге жуық жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Көліктің 29-ы Ресей Федерациясында, 13-і Армения Республикасында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.