Қарағанды облысының соттарында тағы 10 фронт-кеңсе ашылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының соттарында осы жылдың соңына дейін тағы да 10 фронт-кеңсе ашу жоспарлануда. Бұл туралы брифингте облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.