Бейжіңде 14 күн карантин жарияланды
Бейжіңге 14 ақпаннан бастап баратын барлық адамға міндетті карантин жарияланды. Бұл туралы Қытайдың Орталық телевизиясы хабар таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.
"Бүгіннен бастап Бейжіңге оралғанның барлығы 14 күн бойы үйде немесе орталықтандырылған бақылауда болуы тиіс. Қадағалаудан және алдын алу мен бақылау бойынша басқа да шаралардан бас тартатындар заң бойынша жауапқа тартылады", - делінген Weibo-дағы телеарна хабарламасында.
Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 1380 адамға жетті. Бұған дейін ДДСҰ халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берген - COVID-2019. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары пневмонияның жаңа түрі Жер халқының үштен екісіне жұғуы мүмкін деген болжам жасаған.