Илья Ильин шымкенттік университеттің «Құрметті профессоры» атанды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкентке келіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жастарымен кездесті. Басқосуда спорт шебері өзінің спорттық жетістіктерге жету жолындағы қажырлы іс-әрекеті мен мақсаткерлігін, жігерлі ұмтылысы туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.