Жеңіс Қасымбек есептік кездесуде 100-ге жуық сұраққа жауап берді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі лауазымында тұрғындармен алғашқы есеп беру кездесуін өткізді. Өңір басшысы экономикалық және әлеуметтік салаларда атқарылған жұмыстарды баяндады, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.