ҚазҰУ – мүмкіндікке толы білім ордасы
ҚазҰУ-ыммен мақтанамын!
Қазақ Ұлттық университетінің негізі 1934 жылы 15 қаңтарда қаланған. Ең алғаш 1937 жылы төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген гуманитарлық шет тілдер факультеті ашылды. Қазақ Ұлттық университеті өз имиджін білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау көзі ретінде қалыптастырды.
Бүгінгі күні Қара шаңырағымыз 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми зерттеу орталығына айналып отыр. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді,соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен 50 философия докторы бар.
Білім ордасында студенттерге жағдай өте жоғары деңгейде жасалған. Білім алатындардың қатарына...