Эссе және өлең-жыр байқауының жеңімпаздары анықталды
Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында Bilim-all.kz және Bilimland.kz сайттары біріге отырып, 2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өткен эссе және өлең-жыр байқауы бойынша редакциямыз 702 өлең мен 269 эсселер қабылдады. Осымен үшінші рет өткізілген байқаудың қорытындысын жариялап отырмыз.
Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында Bilim-all.kz және Bilimland.kz сайттары біріге отырып, 2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өткен эссе және өлең-жыр байқауы бойынша редакциямыз 700-ге жуық өлең мен 250-дей эссе қабылдады. Осымен үшінші рет өткізілген байқаудың қорытындысын жариялап отырмыз.
Байқау шарттарына сәйкес сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары 2020 жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданды. Қабылданған шығармалар бір айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Назарларыңызға байқау жеңімпаздарын ұсынамыз:
Өлеңдер:
І орын – СМАРТФОН + диплом.
Ақгүл Тұрсынбай –...