Қазіргі кездің махаббат қуанышы мен мұңы
Бүгінгі күннің махаббатқа көзқарасы жайында
Қазақтың белгілі жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” романы тұтастай дерлік жастар қауымына арналған. 1970 жылы жарық көрген бұл туындының әлі күнге дейін маңызы жойылған емес. Өйткені, шығарманы қызықтап оқитын оқырман болса, оның мәні де асқақтап, биіктей түсері анық. Жазылған дүниесінің мазмұнын көпшілік түсінетін, халқына қалаулы, еліне елеулі жазушы әдебиет әлемінде шарықтай беретіні хақ.
Романда жас солдаттың Алматы қаласындағы Қазақ университетіне түсіп, 33-ші аудиторияға кіргеннен бастап, өмірі бақыт пен өкінішке, қуаныш пен мұңға толы болады. Оның алғашқы кешкен сезімі - өз аудиториясында жиналған бір топ қыздарды көргендегі ерекше ықыласы. Өзін гүл бақшасында тап болғандай сезініп, соншама терең...