Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2020

Ақтөбеде салымшылар тағы да наразылыққа шықты

0
Ақтөбеде салымшылар тағы да наразылыққа шықты

Ақтөбеде «қаржы пирамидаларынан» зардап шеккен салымшылар 15 наурыз күні тағы да наразылық білдірді. Тұңғыш президент паркіне қарсы беттегі алаңқайға келген жүздеген салымшы облыс әкімдігі мен полициядан жартымды жауап ала алмай отырғандарын айтып, шағымданды.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Асқар Қаласов «қайда барсақ та тергеу жүріп жатыр дегеннен өзге ештеңе айтпайды, бұл жауапқа қанағаттанбаймыз» дейді.

- Мыңдаған салымшы бір айдан бері полиция мен әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүрміз. Атқарушы билік қиналған халықты қолдаудың орнына ең белсенді салымшыларды қыспаққа ала бастады. Полициядан бірнеше мәрте қоңырау шалып, алаңға шығатын болсаңдар, жауапқа тартыласыңдар деп қорқытты. Есігімнің алдын торуылдап, өзімді қылмыскер сияқты сезіне бастадым, - дейді екі баланың анасы Айгүл Ахметқалиева.

Үйін сатып, 10 млн теңгесін «Гарант 24 Ломбард» ұйымына салған жалғызбасты әйел қазір балаларымен бірге пәтер жалдап жүргенін айтады.

Салымшылардың бірі Жалғасбек Боранбаевтың сөзінше, оны өткен бейсенбі күні үйінен полиция әкетіп, прокуратураға алып барған. Прокуратурада үш сағаттай ұстап, «көшеге шықпаңыздар, жауапқа тартыласыздар» деп ескерткен.

- Біз көшеге шығуды тоқтатпаймыз. Осылайша өз басымыздағы қиындыққа қоғамның назарын аударғымыз келеді. Осыған дейін облыс әкімдігінде де бірнеше мәрте болғанбыз. Олардан әзір еш қайыр болмай тұр. Әкімдіктегілер осы кезге дейін мардымды ештеңе айта алмады, - дейді Жалғасбек Боранбаев.

Азаттық тілшісі салымшылардың «бізге қысым жасалып жатыр» деген шағымына орай полиция мен прокуратураға хабарласқан болатын. Олар түсініктеме беруден бас тартты.

Полиция, прокуратура мен әкімдік қызметкерлері Тұңғыш президент паркіне қарсы беттегі алаңқайға жиналғандарды бастапқыда сырттай бақылап тұрған болатын. Халық наразылығы үдей бастаған кезде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров пен полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Евгений Годлевский жиналған жұртты сабырға шақырды. «Заңсыз жиналуға болмайтынын» айтып, тараңыздар деді. Наразы топ «әкім келсін» деп айғайлап тұрып алды. Бірақ Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин салымшылармен кездесуге келмеді. Алаңда шамамен екі сағат тұрған салымшылар 16 наурыз күні сағат 19:00-де облыс әкімдігіне жиналатын болып тарасты.

15 наурызда Қызылордада да бір топ салымшы «Гарант 24 Ломбард» жетекшілерінің бірінің үйіне барып, ақшаларын қайтаруды талап еткен. 

Бұған дейін осыған ұқсас наразылық шаралары өзге қалаларда да болған.

Ақпан айының соңында ішкі істер министрлігі «Гарант 24 Ломбард» компаниясының құрылтайшысының Кишиневте ұсталғанын, оны елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқанын хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз: "Гарант 24 Ломбардтың" құрылтайшысы Кишиневте ұсталды





Губернаторы России
Москва

Собянин: 10 тыс. человек получили медпомощь в обновленных приемных отделениях





Москва

Доктор Кутушов назвал болезни, которые поджидают отдыхающих у водоёмов


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Число пользователей портала «Малый бизнес Москвы» превысило 200 тысяч



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Queen

Bloomberg: Sony Music обсуждает покупку прав на музыку Queen




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан

Больше всего работников с креативными идеями работает в ритейле и спорте


Елена Рыбакина

Рыбакина, Путинцева и Бублик стартуют на Ролан Гаррос. Кто в соперниках и чего ждать?



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Правление Газпрома рассмотрело ход работ по газоснабжению и газификации субъектов РФ в 2024 г.



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России