Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2020

Қызылордада "қаржылық топқа алдандық" деген бір топ салымшы ақшасын қайтаруды талап етті

0
Қызылордада

15 наурызда түс кезінде Қызылордада "Гарант 24 Ломбард" қаржылық ұйымының бір топ салымшысы компанияның аймақтық директорының үйінің алдына жиналып, ақшасын қайтарып беруді талап етті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тергеу амалдары жүріп жатқанын айтып, оларды үйлеріне қайтаруға тырысты. 

Қызылорда тұрғыны Ақбота Жамбылқызы "Гарант 24 Ломбардқа" қаңтар айында жеті миллион теңге құйғанын, бірінші айда компания уәде еткен пайыздық үстемақысын бергенмен келесі айда мүлде жоғалып кеткенін айтады.

- Қызылорда облысы бойынша үш мың салымшы бар. Бәріміз ақшалай салғанбыз, көлік қойғанбыз, үй бергенбіз. Енді бұл ұйым жабылып, бәріміз далада қалдық. Кейбіріміз несие алып, ақша салғанбыз. Өз басым көп балалы анамын. Бес балам бар. Ешқандай орган тарабынан жұмыс жасалып жатқан жоқ. Маңдай терімізбен тапқан ақшамызды қайтарсын, - деді ол.

Балдақпен жүретін Қызылорда тұрғыны Самұрат Нұрылдаев "аяғына протез алу үшін ұйымға көлігін бергенін, енді оны қайтара алмай" жүргенін айтты. 

- 29 қаңтарда "Гарант 24 Ломбардқа" астымдағы көлікті өткізгенмін. Қараша айынан бері хабарласып, мазамды алды. Асып тасып жатқандықтан емес, өзім екінші топ мүгедегімін. Аяғына протез алайын деген едім. Енді протездің құны аз емес. Ең арзаны 7-8 млн теңге деп жатыр. Электронды протез алам ба дайындалып жүрген едім. Көліксіз қалдым. Қазір көлігімді Қызылордада вокзал жақта бр жігіт мініп жүр. Полицияға көлігімді тауып та бердім. Бірақ ешқандай шара қолданған жоқ. Сот шешімі шыққанға дейін бұғаттап, тоқтатсын, - деді ол. 

Сәлден соң компанияның аймақтық директорының анасымын деп таныстырған әйел үйден шығып "ұлының үйде жоқ екенін, сұрақтарға жауап бере алмайтынын" айтты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері салымшыларға "қаржы пирамидасын құру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу амалдары жүріп жатқанын айтып, сабырға шақырды. 

"Біз қылмыскерлердің ізіне түстік. Аз уақыт қалды, шыдаңыздар" деді жұртты сабырға шақырған полиция қызметкерінің бірі. Бірақ ол өзін таныстырмады. Азаттық тілшісінің сұрақтарына да жауап бермеді. 

Салымшылар полицияның баяу әрекет етіп отырғанын айтып сынады. Шамамен жарты сағаттан соң салымшылар полицияға арыз жазу үшін кетті. 

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар қалаларында "қаржылық ұйымдарға алдандық" деген тұрғындар биліктен мәселелерін шешіп беруді талап еткен.

Ақпан айының соңында ішкі істер министрлігі «Гарант 24 Ломбард» компаниясының құрылтайшысының Кишиневте ұсталғанын, оны елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқанын хабарлаған еді. 

Оқи отырыңыз: "Гарант 24 Ломбардтың" құрылтайшысы Кишиневте ұсталды





Губернаторы России
Москва

Собянин посетил парад кадетского движения «Не прервется связь поколений!»





Москва

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» легально изготавливает армии и спецслужбы. 6 серия. СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин: Музею-заповеднику "Царицыно" – 40 лет



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Джиган

Звездная пара Джиган и Оксана Самойлова примут участие в шоу «Выжить в Дубае»




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан


Надежда Петрова

Теннисистка Петрова: Карацеву не хватает игровой уверенности



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России