Қазақстанда 308 адам Covid-19 дертіне шалдықты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 31 наурыз 00:10-дағы дерегі бойынша, Нұр-Сұлтанда бес адамнан, Ақмола облысында бір адамнан коронавирус табылды. Қазір елде 308 адам Covid-19 дертіне шалдықты.
Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
Вирус жұқтырған 308 адам мына қалаларда:
Нұр-Сұлтанда - 173 адам
Алматыда - 73 адам
Қарағандыда - 13 адам
Атырау облысында - 12 адам
Ақмола облысында - 10 адам
Алматы облысында - 6 адам
Қызылорда облысында - 5 адам
Жамбыл облысында - 3 адам
Шымкентте - 2 адам
Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
Ақтөбе облысында - 2 адам
Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
Павлодар облысында - 1 адам
Маңғыстау облысында - 1 адам
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.