Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Апрель
2020

Жетісайда вирустан қайтыс болған адамның жаназасына туғандары қатысқан жоқ

0
Жетісайда вирустан қайтыс болған адамның жаназасына туғандары қатысқан жоқ

Түркістан облысы Жетісай қаласының короновирус жұқтырып қайтыс болған 64 жастағы тұрғыны Жетісай ауданындағы Молдаөлген зиратына жерленді. Бұл туралы Азаттыққа Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов айтты.

Бекзат Сыздықовтың сөзінше, жаназаға марқұмның әйелі мен сегіз баласы карантинде жатқандықтан қатыспаған. Имам Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары мәйітті көлікпен алдын ала дайындалған табытқа салып, аудан мешітіне алып келгенін айтты. 

- Жаназа аудан мешітінің автотұрағында оқылды. Мамандар мүрдені дәрілеп, алдын ала дайындалған табытқа салып, көлікпен алып келді. Табытты көліктен шығаруға рұқсат етпеген соң автотұрақта тұрып, бес метр алыстан жаназасы оқылды. Марқұмның бетін ашқан жоқпыз. Ислам талаптары орындалды. Жаназаға марқұмның он шақты туысының қатысуына рұқсат етілді. Ал жерлеуге тек бекітілген сегіз маман барды. Жерлеуге қатысқан сегіз адам арнайы қорғаныс киімін киген, - дейді аудан имамы.

Ал карантинде жатқан әйелі мен сегіз баласы имамға телефонмен хабарласып, «әкемізді жерлеуге келе алмадық» деп өкінішін білдірген.

Жетісай қаласының тұрғыны коронавирустан 4 сәуір күні таңертең қайтыс болған. Ол Алматы қаласында қонақта болып келген соң дене қызуы көтеріліп, дәрігерлерге көрінген. Кейін одан коронавирус табылып, 29 наурызда инфекциялық ауруханаға жатқызылған.

Түркістан облысында короновирус жұқтырған 23 адам анықталды. Олардың 10-ы – Жетісай ауданының тұрғыны. Облыста тұрғындарға макса кию міндеттелген. Үйден тек азық-түлік, дәрі-дәрмек алу мен жұмысқа баратын кезде шығуға рұқсат етілген. Көлік, автобус, теміржолмен жолаушы тасымалдауға тыйым салынды.

Қазақстанда 531 адамнан коронавирус табылды. 36 адам дерттен айықты. Барлығы бес адам қайтыс болды. Жетісай ауданы тұрғынынан бөлек, 4 сәуірде Ақмола облысында 73 жастағы тұрғыны да коронавирустан қайтыс болғаны анықталған. Оның вирус жұқтырғаны көз жұмған соң белгілі болды.

Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтан ауруханасында 64 жастағы әйел адам қайтыс болған. Одан да вирус өмірден өткен соң табылған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам өмірден өтті. 1 сәуірде Қарағандыда бір науқас көз жұмған. ​





Губернаторы России
Москва

Собянин объявил об окончании строительства городского вокзала «Кутузовская»





Москва

Победитель фирменной игры «Авторадио» получил ключи от Oting Паладин


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин объявил об окончании строительства городского вокзала «Кутузовская»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Певица

Певица Пелагея разделила имущество с бывшим мужем




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Баскетболисты из Лобни завоевали золото на турнире Moscow Open

Дмитрий Вязьмикин – тренер по индивидуальной подготовке молодежного футбола «Локо»

Среди сотрудников уголовно-исполнительной системы Республики Дагестан определили лучшего гроссмейстера


Ролан Гаррос

Теннисист Джокович побил рекорд Федерера по победам на турнирах "Большого шлема"



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Киев

В Киеве допускают, что Зеленский может не попасть на саммит G7 в Италии



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России