Коронавирус жұққан 24 науқас анықталды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 12 сәуір түнгі сағат 23:30-да 24 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 5, Алматы облысында - 9, Қызылорда облысында - 1, Түркістан облысында - 7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда жалпы науқастар 951 адамға жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 251
Алматы қаласы – 165
Қызылорда облысы – 118
Ақмола облысы – 71
Қарағанды облысы – 65
Түркістан облысы – 43
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Ақтөбе облысы – 11
Алматы облысы – 21
Атырау облысы – 45
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Жамбыл облысы – 46
Шымкент қаласы – 38
Батыс Қазақстан облысы – 9
Қостанай облысы – 3
Маңғыстау облысы – 10
Павлодар облысы – 10
10 науқас қайтыс болған. Барлығы 99 адам айыққан.