Қазақстанда тағы 40 адамнан вирус табылды. Дертке шалдыққандар 1400-ден асты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 16 сәуір 23.40-тағы мәліметіне сай, елде тағы 40 адамнан коронавирус табылды: Алматы қаласында - 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Түркістан облысында - 4, Қызылорда облысында - 3, Шымкент қаласында - 2, Атырау облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1.
16 сәуірде елде 107 адамнан вирус анықталды.
Қазір Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 1402 адам болды. 277 науқас дертінен айықты. 17 адам көз жұмды.
Вирус анықталған адамдар мына аймақтарда:
Алматы қаласы – 417
Нұр-Сұлтан қаласы – 326
Қызылорда облысы – 134
Қарағанды облысы – 84
Ақмола облысы – 81
Атырау облысы – 71
Түркістан облысы – 53
Жамбыл облысы – 53
Шымкент қаласы – 45
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Алматы облысы – 29
Батыс Қазақстан облысы – 26
Ақтөбе облысы – 14
Павлодар облысы – 13
Маңғыстау облысы – 12
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Қостанай облысы – 7.