Елордада аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
НҰР –СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аулалар мен үйішілік аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл қаланың барлық аудандары қамтылып, 150-ге жуық аула абаттандырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.