Шымкентте қауіпті індеттен тағы 11 адам айықты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.