Ордабасы ауданында қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатты
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында қатты дауыл тұрып, үйлер мен қоралардың шатырын ұшырып кеткен. Аққойлы ауылында табиғи апаттан 17 үйге шығын келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.