Асан қайғы мен Орманбет хан (ІІІ нұсқа)
Орманбет хан қарадан Қарагөз деген қыз алып, Асан қайғыны тойға шақырған екен. Асан қайғы келмеген. Және құладынды қайырып, аққу ілдірген той қылған. Асан қайғы келмеген. Және хан Қазан қаласына тас мешіт қылдырған, той қылған, Асан қайғы келмеген. Сонда хан Асан қайғыға ашуланып, жасауыл жіберіп шақырып алып:
— Мен үш той қылдым, шақырдым, біреуіне де келмедің. Менің қуанышыма қатынаспадың, — депті. Асан қайғы тұрып:
— Әй, хан! Мен неге қуаныш қылып келейін, сен ақсүйек татар едің, қарадан қатын алдың. Хан едің, сүйегің қараға араласты. Құладын ие құстың құлы еді, аққу ие құстың ханы еді. Хан басыңды қараға алдырдың. Тас мешіт тұрғыздың,...