Елордалық егіз оқушы әлемнің 11 жоғары оқу орнынан грант ұтып алды
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы №59 мектеп-лицейінің 11 - сынып оқушылары Әдина және Әдия Кәкім АҚШ –тың 10 және Австралияның 1 жоғарғы оқу орнының грантын ұтып алып, аталған университеттерден шақырту алды. Осы орайда астаналық оқушылар ҚазАқпарат тілшісімен халықаралық білім грантын ұтып алудың қыр-сырымен бөліскен болатын.