Балабақшаға арналған тақпақтар
Балабақшаға арналған тақпақтар
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
*****
Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Ойыншықтарды шашпаймын,
Түймемді өзім қадаймын.
Жуып жеймін үнемі,
Алма, алмұрт, шиені.
Суды жақсы көремін,
Қашанда таза жүремін.
Күшік, мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.
*****
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз –
Көңілді әуен сазымен,
Жаттығуды бастаймыз ...
Үйренеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Тақпақ айтып, ән шырқап,
Билеп-билеп береміз.
*****
Тазалық пен Ұқыптылық
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен:
Таңертеңде,...