Жиреншенің әйелі (Тоғызыншы әңгімесі)
Дүниеден қайтқасын Жиреншені қарап баптап күтіп тұрушы болмағасын, Жиреншені хан өз сарайына келіп тұруға әмір етіпті дейді. Сонан Жиреншекең ханның сарайына келіп тұрған, соңғы жерде өз үйін сағынғаны ғой: «хан ұлықсат етсе, өз үйіме қайтар едім» деп әр уақыт күңірене береді екен дейді. Сонан хан Жиреншенің үйіне қайтқысы келіп, күңірене бергенін естіп: «болмас, енді Жиреншені үйіне жіберіңіз, барсын!» депті. Өз үйіне кеткесін, хан: «Жиренше үйіне барғасын не айтар екен, соны тыңдап келе ғой» деп Жиреншенің артынан бір кісісін жіберіпті дейді. Бұ кісі келсе, Жиреншекең сол киім-көншегін салып ай шынық манағы өзінің жыртық-жыртық қосына кіріп, ұйықтауға жатыр екен дейді. Сонда және...