Мақтааралда жатақхана мен моншада тұрып жатқан 28 отбасына жаңа баспана салынады
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданында апатты жағдайдағы ескі ғимараттарда тұрып келген 28 отбасыға қосымша баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин апат аймағына келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.