Атырауда театр тарландарына арналған композиция қойылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдына Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің, КСРО халық әртістері Хадиша Бөкеева мен Сәбира Майқанованың, Қазақ КСР халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің композициялық ескерткіші қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.