Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2020

Әзербайжан парламенті Таулы Қарабахтағы қақтығысқа байланысты әскери жағдай енгізді

0
Әзербайжан парламенті Таулы Қарабахтағы қақтығысқа байланысты әскери жағдай енгізді

Әзербайжан парламенті жексенбі, 27 қыркүйек күні кезектен тыс отырысында елдің әскери оқиғалар болып жатқан территориясында әскери жағдай енгізу туралы шешім қабылдады.

Бакуде және кей өзге қалаларда комендант сағаты енгізілді.

Осының алдында әскери жағдай Армения мен өзін республика деп жариялаған Таулы Қарабахта енгізілген. Арменияда сонымен қатар әскерге жарамды тұрғындарының мобилизациясы жарияланды. Әзербайжанда мұндай шешім қабылданбады.

Жексенбі күні Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабахты тәуелсіз ел ретінде мойындау мәселесін қарастыратынын мәлімдеді. Армения өзін республика жариялаған Таулы Қарабахқа әскери көмек көрсеткенімен, ресми түрде оны тәуелсіз ел деп мойындамаған.

Армения мен Әзербайжан басшылары Никол Пашинян мен Ильхам Әлиев әскери мәлімдеме жасап үлгерді. Әлиев Әзербайжан күштерінің қазіргі операциясы "оккупациядан босатуға" әкелуі тиіс деді. Пашинян Әзербайжанды армян халқына қарсы соғыс ашты, Ереван Таулы Қарабах қауіпсіздігінің кепілгері деді. Ол сондай-ақ әлемдік қауымдастыққа жүгініп, Түркияны қақтығысқа араласпауға шақыруды сұрады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осының алдында Арменияны қақтығысты ушықтырды деп айыптап, Анкараның Әзербайжанды қолдайтынын айтты.

Әзербайжан әскерінің шабуылы жексенбі күні таңертең басталды. Әзербайжан әскери басшылығы мұны "контр шабуыл" деп атады. Олардың сөзінше, алдымен Армения әскери күштері оқ жаудырған. Майданнан қайшылыққа толы хабар тарап жатыр, екі тарапта өзін қарсыласының көбірек зардап шеккенін мәлімдеп жатыр. Әзірге белгілісі, Таулы Қарабахтағы бірнеше елді-мекенге шабуыл жасалған, жергілікті тұрғындар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Әзербайжан әскерилері бірнеше ауылды бақылауына алғанын айтты, Армения оны жоққа шығарды.

Қарабахтағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге араласып отырған елдер қақтығысты тоқтатып, келіссөз бастауға шақырып отыр.

"Ресей, АҚШ және Франция Минск тобындағы әріптестерімен бірге шиеленісті халықаралық құқық негізінде бейбіт әрі ұзақмерзімді реттеуге бейіл екенін растайды" деді Франция сыртқы істер министрлігі.

Мұның алдында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей Арменияға қару тасуды күшейтті деп мәлімдеген. Батыс басылымдарының жазуынша, Арменияда әскери базасы бар Ресей бұл елді өзінің осы аймақтағы стратегиялық әріптесі санайды.

Таулы Қарабах төңірегінде дау Совет Одағы кезінен басталған. Ол кезде Таулы Қарабах ауданы Әзербайжан ССР-і құрамына кірген, бірақ тұрғындарының көбі армян болған. 1988-1994 жылдары аралығында болған әскери қақтығыс кезінде 30 мың адам қаза тауып, жүздеген мың адам босқынға айналған. Арменя әскерінің қолдауына ие болған сепаратистер Таулы Қарабахтың басым бөлігін бақылауына алып, өзінің қарамағына Әзербайжанға тиесілі кей аудандарды да тіркеп алды. Әзербайжан бұл территорияны оккупацияланған деп атайды. 1994 жылы екі ел арасында қарулы қақтығысты тоқтату және шиеленісті бейбіт жолмен шешу жөнінде келісім жасалды. Бірақ бұл келісім шиеленісті шешкен жоқ.





Губернаторы России
Москва

Собянин посетил фестиваль "Москва – на волне. Рыбная неделя"





Москва

Книжные новинки, лаборатория текста и иллюстраций — ждут гостей Московского детского фестиваля искусств «НЕБО»


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Более трех миллионов человек посетили фестиваль «Москва на волне. Рыбная неделя»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Тимати

Тимати проучил нового владельца “Black Star Burger” и перепродал его долги




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

МегаФон привёз спасателям и пожарным грузовик связи

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Вышел второй подкаст онлайн-лектория «Иннагрика» о возможностях аграрной генетики для молодых исследователей


WTA

Пресс-служба WTA мемом отреагировала на тяжёлую победу Свёнтек над Осакой



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Аналитики назвали самые популярные по цвету б/у авто



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России