Алдардың алдануы
Алдар жаман «торғайды» байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін», — деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың бауырындағы тағы бір елді көреді. Елге қарап тұрса:
Алдыңғы әңгіме: Алдардың елу ат алуы
Алдар жаман «торғайды» байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін», — деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың бауырындағы тағы бір елді көреді. Елге қарап тұрса:
Қойлар жатыр жусанда,
Түйе жатыр сортаңда,
Жылқы жатыр беткейде,
Ешкі тастан кетпейді.
Алдекең ағып жатқан малды көріп:
— Енді қандай несіп болар екен, — деп, езу тартып қарап тұрса, жылқы шетінде жүрген жылқышыны көреді. Елге бару үшін алдымен осыдан жай-мәнісін сұрап білу керек болар деп, жылқышыға келеді.
Жылқышыға келіп амандасып, ол-пұлды айтып, қалжыңдап тұрып:
— Бұл кімнің малы, мынау кімнің ауылы? Үлкені...