Әлем елдері Байден мен Харристі сайлаудағы жеңісімен құттықтады
АҚШ одақтастары Джо Байденнің президент болып сайлануын қуана қабылдады. Германия канцлері мұны трансатлантикалық байланыстардағы "жаңа әрі айрықша кезең" деп атады, басқалары жаңа әкімшілік қызметке кіріскен соң онымен қоян-қолтық жұмыс істеуге әзір екенін аңғартты. АҚШ-тың НАТО бойынша басты одақтасы – Германия канцлері Ангела Меркель "Президент Байденмен болашақ ынтымақтастықты асыға күтетінін" айтты. "Заманымыздың үлкен қиындықтарын жеңгіміз келсе, біздің трансатлантикалық достығымыздың орнын ештеңе алмастыра алмайды" деді Меркель. Читать дальше...