Көкшетауда заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылуда
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылуда. Қазір Абылайхан даңғылы бойында осындай үш аялдама бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.