Денсаулықтан дәрі қымбат
Заманның талабы ма?Адамның бітпес айласыма? Деннің саулығына қарамастан келес дүниеге ұшы да жетпес ақшаға құныққандығымыз қынжылтады.
Денсаулықтан дәрі қымбат.
Заманды кінәлі дейікпе әлде адамды ма?
Мына әлемді жалмаған вирустың кезеңінде дәрі сатушылар байый түскені көңілге күмән туғызды.
Бәріміздәі денсаулығымызбен жарысып ала сапыран заманда керек дәрмектің қымбаттауы біріне қалта көтерімді болғанымен біріне қиналуына мүмккіндік бергендей.
Сылбыр көктем мен қара күзде тұмау үдеп, ескі сырқат сырқырамай қоймайды. Емханаға барасың, жалтақтап дәрігерге жағдайыңды айтасың. Ол отыра қалып қағаз толтырады. Суыртпақтап әңгімеге тартсаң, тексере келгендер жазғанына қарап еңбегін бағалайтын көрінеді. Бұл баяғы құтыла алмай келе жатқан қағазбастылықтың кесірі болса керек. Ол үшін дәрігерлерді кінәлау артық. Істен бұрын, қағазға сенген кезде қағаздың рөлі жоғары болғаны ақиқат.
Жалпы, денсаулық сақтау саласында қиындықтар...