Жел, көктайғақ, тұман: 16 қарашаға арналған ауа райы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 қарашада ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына орталығы республиканың солтүстік-шығыс аудандарында орналасқан циклон әсерін тигізеді. Соған байланысты оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.