Түркістандағы университет пен Франциядағы ЖОО ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында биылғы жылы ашылған халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Франция елінің Анжэ қаласында орналасқан University of Angers арасында ынтымақтастық туралы келісімге онлайн-қол қою рәсімі өтті. Екі жақты келісім Франциядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.