ҚазҰУ - Әл-Фараби мұрасын дәріптеудің бірден-бір ғылыми орталығы
Ғұлама ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына қорытынды ретінде
ҚазҰУ - Әл-Фараби мұрасын дәріптеудің бірден-бір ғылыми орталығы
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деп бекер айтылмаса керек. Өмірден озғанына мың жылдан аса уақыт өтсе де, ғылыми мұрасы өскелең ұрпаққа білімнің ғана емес, тәлім мен тәрбиенің бастауы бола білген, қайырымдылыққа негізделген ізгі қоғам үлгісі бүгінгі қоғамға бағыт сілтейтін ғұлама-ойшыл Әл-Фараби бабамыздың есімі халық жадынан ұмыт қалған емес. Бүгінде әлемдік деңгейде ұйымдастырылып жатқан «адамзаттың екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы өз мәресіне жетіп қалды. Әлемде қалыптасқан пандемия жағдайына қарамастан, бұл мерейтойға, ғалымның мұрасын зерттеу мен насихаттауға әлемнің түкпір-түкпірінен фарабитанушылар мен ғылым өкілдері атсалысып, ғылымда шекара жоғын қайта танытқандай болды....