103news.com
World News in Kazakh
Июнь
2021

Путиннің құпия қыздары Петербургтегі форумға қатысты

0
Ресей президенті Владимир Путин қанша баласы барын және олардың немен айналысатынын құпия ұстайды. Бірақ көпшілік Путиннің үлкен қыздары деп танитын екі әйел жақында Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда сөз сөйлеп, көзге түсті. Сарапшылардың сөзінше, енді олардың көпшілік алдына шығуы жиілеп, қоғамдық рөлі артуы мүмкін.


Осы айдың басында Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Мәскеу мемлекеттік университеті ұлттық интеллектуалды резерв орталығының басшысы Катерина Тихонова видеобайланыс арқылы озық технологияларды қолданып, инвестиция көлемін арттыру тақырыбында алты минут сөз сөйледі.



Форум аясында генетик зерттеуші Мария Воронцова да сирек кездесетін аурулар туралы 13 минуттық сұхбат берді. Бұл сұхбат ұлттық арналардан көрсетілді.




Тихонова мен Воронцованың авторитар президент Путиннің қыздары деп танылғаны болмаса, олардың көпшіліктің алдына шығуы елеусіз қалар еді.



Путин мен Кремль жеке өмірдің құпиялығын алға тартып, президенттің аталған әйелдермен туыстығын растаудан немесе жоққа шығарудан бірнеше рет бас тартқан. Ал мұның бәрі жұрттың бәрі онсыз да білетін, құпиялығы іс жүзінде ғана ақпаратқа ұқсайды.



Санкт-Петербургте өткен форумда ешкім оларға президентпен байланысы туралы сұрақ қоймаған. Тек Тихонованы "Катерина Владимировна" деп шақырған модератор ғана спикердің Путинмен туыстығына меңзегендей болды.


The Washington Post басылымының хабарлауынша, панельдік талқылау аяқталуға жақын қалғанда модератор Тихонованың сөйлеп жатқанына қарамастан, әзіл айтқан; шараға қатысып отырған әділет министрі Константин Чуйченко модераторды тоқтатып, спикердің сөзін бөлмеу туралы ескерту жасаған.



"Олар кәмелеттік жасқа толды. Салмақты кәсіби лауазымдарға ие. Олардың өз мақсаты бар…Өздерін элитаның алдында тәуелсіз тұлға ретінде көрсеткісі келеді" дейді Кремльмен байланысы бар саясаттанушы Сергей Марков.



Марковтың айтуынша, бұл форум элитаның көзіне түсуге жақсы мүмкіндік болған, өйткені бұл жиын Путин мен оның айналасындағы Петербургтен шыққан тұлғалар үшін "отбасылық шара" саналады.


"Ресейді Санкт-Петербургте отырған адамдар басқаратыны жасырын емес. Бұл – Петербургтен шыққан тұлғалар ұйымдастырған Ресейдегі ең маңызды форумдардың бірі. Санкт-Петербургте өткен, осы қаладағы тұлғалар қатысатын форум Ресейдің билеуші элитасына арналған... Сондықтан мұндай шарада "отбасы мүшелерінің" төбе көрсетуі қалыпты жағдай" дейді ол.






Кейінгі жылдары Тихонова мен Воронцованың қоғамдық беделі біршама артқан. Бірақ Санкт-Петербургте өткен форумда сөйлеу "президент қыздарының" қоғамдық өмірдегі белсенділігін жаңа деңгейге көтеріп, алдағы уақытта олардың халықтың алдына шығуы жиілейді деген болжамды күшейтті.



"Путиннің қыздары деген адамдарды мұндай шараға қатыстырып, көпшіліктің алдында сөйлетудің не қажеті бар? Мұны не лоббистер өз мүддесіне пайдаланған (әсіресе бұл Катерина Тихоновадан байқалды), не олар сыртқы ақпарат құралдарына Путиннің қыздарының қандай адамдар екенін, не ойлайтынын көрсету қызық болар деп ойлаған. Мүмкін бұл президент қыздарына нақты бір қызмет жүктемей, жай ғана сахна сыртындағы өмірдің бір шетін көрсету шығар. Бәлкім, үлкен сахнаға шығуға ұмтылыс болар" дейді Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Андрей Колесников.


Президенттің қыздары саналатын бұл екеудің көпшіліктің алдына шығуы Путин беделін көтерудің амалы болуы да мүмкін. Өйткені Ресейдегі билеуші партия мүшелерінің көбі балалары мен туыстарын шетелде оқытып, басқа елде тұрғызғаны үшін сынға ұшыраған, ал Путиннің қыздары көбіне Ресейде тұрады деп айтылады.




"Бұл президенттің беделіне оң әсер етеді. Оның қыздары іскер және олар әртүрлі салада істейді. Біреуін дәрігер деуге болады, екіншісінің немен айналысатыны түсініксіз, бірақ оның да жұмысы күрделі, ол қоғам алдына шығып, инвестициялармен не істеуге болатыны туралы пікір айтады" дейді Колесников.



Тихонованың форумға қатысуы онымен бір панельдік талқылауда отырған Кирилл Дмитриевтің беделін көтеру үшін жасалған болуы да мүмкін. Дмитриев – Ресейдегі тікелей инвестициялар қорының басшысы. Кейде оны Путиннің "ықтимал мұрагері" деп те атайды. Дмитриев пен оның әйелі, мемлекеттік арналарда ұзақ жыл еңбек еткен Наталья Попова Тихонова мен оның бұрынғы күйеуі, миллиардер Кирилл Шамаловпен бұрыннан жақсы араласады. Тихонова мен Попова университетте бірге оқыған деген дерек бар.




Стэнфорд және Гарвард университеттерінде білім алған Дмитриев 2017 жылы наурызда халықаралық басылымдардың басты тақырыбына айналды. Ақпарат құралдары Дмитриевтің екі ай бұрын Сейшель аралдарында америкалық Blackwater жекеменшік күзет фирмасының негізін қалаушы Эрик Принспен құпия кездескені туралы жазды. Принс Дональд Трамп әкімшілігінің билікке кірісуіне жауапты топпен байланысы болғанын және Дмитриевпен қос мемлекет арасында "құпия байланыс" орнату мәселесін талқылағанын жоққа шығарды.



"Кирилл Дмитриевті көбіне Путиннің ықтимал мұрагерлерінің бірі деп атайды. Оның Путиннің отбасымен жақсы араласатыны жасырын емес. Дмитриевтің Катерина Тихонова мен Кирилл Шамаловтың тойында болғаны белгілі" дейді The Insider сайтының журналисі Сергей Ежов.


Сарапшы Колесников Путиннің режимі үшін Дмитриевтің Ресейдің тікелей инвестициялар қорындағы рөлі маңызды деп есептейді.



"Ол практикалық тұрғыдан пайдалы, өйткені барлық келісімшартты мемлекеттің қатысуымен жасайды. Осылай үкімет үнемі басты ойыншы болады. Біздің мемлекеттік капитализм жүйесі басқаша жұмыс істей алмас еді. Үкімет келісімшартқа өзі отырады немесе оларды мақұлдайды. Мемлекет келісімшарттарға өз пайдасы үшін араласады. Сондықтан бұл адам министр не президент әкімшілігінде маңызды қызметі бар шенеунік болмаса да, ақша ағынын мемлекет үшін маңызды жобаларға ары-бері бөлуге келгенде ықпалды тұлғаға айналып шыға келеді" дейді Колесников.



"Бұл Путиннің экономиканың қалай жұмыс істеуі керегі жөніндегі ойына толықтай сәйкес келеді" дейді сарапшы.




Ресми дерек бойынша, Путиннің Людмила Путинадан туған екі қызы бар. Мария Путина (Мария Воронцова ретінде танымал) 1985 жылы сәуірде Ленинградта, ал Екатерина Путина (Катерина Тихонова ретінде танымал) 1986 жылы тамызда Германияның шығысындағы Дрезден қаласында дүниеге келген. Путин қыздарын талқылаудан бас тартқан, бірақ олардың Ресейде тұратынын, осында жұмыс істейтінін айтқан.



Путин 2015 жылдың соңында өткен жылды қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында "Мен ешқашан ешкіммен отбасымды талқыламаймын. Әр адам өз тағдырын өзі шешуге құқылы. Олар өз бетінше адал өмір сүріп жүр" деген.



Путин 2014 жылы әйелі Людмиламен ажырасты.


Ал 2017 жылы баспасөз конференциясында Путин екі немересі барын, олардың бірі балабақшаға баратынын, екіншісі жақында дүниеге келгенін айтты.




2020 жылы "Проект" журналистері зерттеу жариялап, Путиннің Светлана Кривоногих деген әйелден туған 2003 жылғы Элизавета есімді қызы бары айтылады.



Ресейлік ақпарат құралдарының дерегінше, Путиннің бұрынғы гимнастшы, мемлекеттік думаның депутаты Алина Кабаевадан туған тағы бір қызы (2015 жылы туған) және егіз ұлдары (2019 жылы туған) бар. Путин Кабаевмен қарым-қатынасы туралы қауесетке қатысты пікір білдірмеген.




 




Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о развитии дорожной сети возле станций метрополитена





Москва

Защитите свой автомобиль от зимнего гнева! Экспертный уход Aqua Complex – это просто


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин рассказал о развитии дорожной сети возле станций метрополитена



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Тимати

Певца Филиппа Киркорова сравнили с рэпером Тимати из-за стрижки




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Мультсериал «Команда МАТЧ» взял награду на XXII Международном фестивале спортивного кино

Назначены арбитры на матчи 14-ого тура МИР РПЛ

Прогулочные маршруты и спортивные площадки: Четырём зелёным зонам на юге Москвы подарили новую жизнь


Надежда Петрова

Теннисная школа экс третьей ракетки мира Петровой открылась в Татарстане



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России