Жайық Кәгенұлы Бектұров
Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров 1912 жылы 10 маусымда Ақмола уезінің Моншақты болысында (қазіргі Астана облысы, Алексеев ауданы, “Үрпі” ауылы) туған. 1928 жылы ҚАССР-нің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген соң, Атбасар қаласында мұғалім болған. Ол 1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, ал 1955 жылы Қазақтың мемлекеттік университетін бітірген.
Ж. Бектұров 1932-1937 жылдары комсомол қызметінде болған, 1937-1939 жылдары республикалық “Лениншіл жас” жастар газеті редакторының орынбасары, “Социалистік Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары міндеттерін атқарған.
1939-1940 жылдары Жамбыл облыстық газетінің жауапты редакторы, ал соғыс басталғанда дивизиялық газетінің редакторы болған.
1942 жылы мамыр айында Ж. Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің...