Ресей министрі: «Спутник V» вакцинасын халықаралық деңгейде тіркеуде кедергі қалмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеуге кедергі болған барлық кедергілер жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.