БАҚ - тың монополиялануы мен шоғырлануының ақпарат ағымына тигізер әсері.
Бұқаралық ақпарат құралдарының монополиялануы дегеніміз - ақпарат құралдарының бір немесе бірнеше топтардың иелігінде болуы. Ал шоғырлану, осы монополияланған бірнеше БАҚ - ның бір орталыққа жинақталуы.
Қазіргі таңда көпшілік мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдарын монополияландыру мен шоғырландыру ісі белең алып жатыр. БАҚ-тың монополиялануын екі жақты қарастыруға болады. Бірінші, ол БАҚ пен коммуникациялық құралдарының өзара шоғырлануы мен монополиялануы, екіншісі, монополиялық топтардың өз иеліктеріндегі ақпарат құралдарына ықпал етуі. Ал БАҚ-қа иелік ету қалай жүзеге асады?
Бұл сұраққа баспасөз зерттеушісі Землянова өзінің «Зарубежная коммуникативистика в преддверии информационного общества» еңбегінде жауап береді. Ол БАҚ-қа иелік етуді беске бөліп қарастырады: біріншісі, тізбек - бір нысанға ғана қарайтын газет-журналдардың тізбегі. Мысалға, Ганнет компаниясы 80 күнделікті газетке иелік
етеді, екіншісі, желі - радио хабар тарату желілеріне иелік ететін бір немесе бірнеше топтасқан нысандар. Бұған...