«Би-Би-Си» хабар тарату корпорациясы.
1927 жылдың 1 қаңтарында Крофорд комитеті нұсқауларының негізінде пайда болған король хартиясы Би-БИ-СИ қызмет етуіне тірек болған ресми құжат болып табылады.
Би-Би-Си –дің бірінші бас директоры Лорд Рейт болды.Лорд Рейт қазіргі кезге дейін ұстанатын үш принциптің негізін салып кетті:«жаңалық тарату.ағарту,көңіл көтеру».
Би-Би-Си-дің «алтын ғасыры» 30-жылдары басталды.1932 жылдың өзінде тыңдаушысы бес миллионға,1938 жылы Ұлыбританияның 98%-ы оның хабарларын қабылдай алды.
«Радио-1»- Би-Би-Си-дің ішкі хабарларының бірінші бағдарламасы.1967 жылдан бері жастарды өзіне тарту мақсатында поп-музыка берді.
«Радио-2»-Би-Би-Си-дің ішкі хабарларының екінші бағдарламасы.Радио1-ден айырмашылығы –американдық «форматты» радиостанциялардың үлгісінде жасалған.Көңіл көтеретін бағдарламалар берді.
«Радио-3»- үшінші бағдарлама.Бұл бағдарлама –Би-Би-Си тәжінің лағыл тасы деп аталды.Радиода опералар,концерттер,әдеби және драмалық шығармалар...