Непалда автобус апатынан 28 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. Синьхуа-ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Непалдың батысында жолаушылар автобусы жардан құлап, кем дегенде 28 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.