МӘМС: 9 айда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 30,5 млрд теңге жарна түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері, яғни 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында МӘМС үшін елордалықтардан 30,5 млрд теңгеге жуық жарна аударымдары түскен. Ал осы жылдың қыркүйек айында медициналық сақтандыру үшін 3,6 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.