Көпшілік алдында пікір айтуды жобалау, жоспарлау, аудитория назарын аудару технологиясы
Бір күні жиынның ортасында отырған Досбол шешеннен біреу:
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба? - деп сұрайды.
Сонда Досбол:
- Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңына ерген елің болса.
Бәрінен сөз бастау қиын,
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады! - депті.
Сөз айту, әсіресе, публика алдында, көпшілік көзінше пікір білдіру оңай дүние емес. Ойды жеткізу, сөзді орынды қолдану, аудиторияның назарын өзіңе аударып, тыңдаушыны сендіре білу - үлкен еңбекті, методиканы талап етеді.
Ең алдымен сөйлеуші өзіне сенімді болу керек. Себебі аудитория сенімсіздікті, қобалжуды, негативті бірден сезеді....