Жалп ете құлады
Январьдің 29-ы. Күн ашық. Екі-үш градус жылылық. Қар аздап еріп, үйлер шатырларынан тамшылар сорғалап ағып, бұрыш мұржаларының түбіндегі мұз төбешелерін жуып, шайқап жатыр.
Менің басымда сусар бөрік, үстімде көк елтірі жағалы кең бикеша, аяғымда көк мәуіті бурка - етік.
Совет министровтың поликлиникасындағы доктордан өмірімде естімеген сөздерді естіп: «Е, ол маған жасыңыз келген кісісіз ғой бірнеше рет айтты. Демек, жеңгейлерге қырындаудан шабандап жүрсің дегені ғой», — деп доктордың сөздерін көңіліме қатты алып, иығым төмен түсіп, үйге «кемпір қайдасың» деп келе жатырмын.
Дзержинка мен Комсомол көшесінің бұрышындағы сүт магазинінің бұрышына жақындай бергенімде, тапа мұз жалтырап жатқан бұрыштан үстінде құндыз жағалы пальтосы бар,...