Бір кештің сабағы
Менің жұбайым Ғайникамал Абайдың Көкбайының інісі Бекбайдың қызы. Бекеңнің үйі — Семейдегі Абайдың музейі.
Біздің елде үлкен апасын «әпке» дейді, жеңгесін жеңеше дейді, ағасын көке дейді.
Менің үлкен әпкем Үбиан — Музей aпa. Әйелім — Ғайникамал. Мен Москвада қызмет жағдайымен жүрген кезімде, Ғайникамал балаларды ертіп ауылға барыпты. Жұбайым мен апам екеуі шын ниетті достар.
— Әпке, сізге — деп Ғайникамал апамның қабағына қарап, сыйлап, қадірлеп сөйлейді.
— Музей апа, Музей апашка, — деп ол кісіге балаларым еркелейді.
— Ия, қарағым, келін, келінжаным, айналайындарым, — деп жауап қайтарды қарт апам.
Абдулларахман дейтін інім бар, оны біз тек Әбділдә дейміз. Бір бабадан...