Омикрон штамы жануарлар арасында мутацияланып, адамдарға жұғуы мүмкін – сарапшы
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Коронавирустың жаңа «омикрон» штамы жануарлар арасында мутацияға ұшырап, одан кейін барып адамдарға жұққан болуы мүмкін. Бұған жаңа штамның ерекшеліктері куә. Мұндай пікірді ДНКОМ молекулалық-генетикалық зерттеулер ғылыми орталығының негізін қалаушысы мен бас директоры Андрей Исаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.